СҚО-да 748 шақырым жол жөнделуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыстың 748 шақырым жолы жөндеуден өтіп жатыр. Оның 147 шақырымы республикалық маңыздағы жол болса, 600 шақырымы – ауылдық және көшеаралық жолдар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс бойынша жолдарды жөндеу бойынша 146 жоба жүзеге асырылып келеді. Жауапты жұмысқа 50-ге жуық жол ұйымы жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда жергілікті маңыздағы жолдар бойынша 28 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 220 шақырымы жөнделді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста 2026 жылға қарай нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін республикалық желі бойынша 100%-ға және облыстық және аудандық желілер бойынша 95%-ға дейін жаңарту көзделген.

Биыл Петропавлдың жолдары да күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі таңда 35 көше жөнделіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz