Биыл облыста «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге 4,3 млрд. теңге бағытталды. Нәтижесінде 49 білім беру нысаны қалыпқа келтірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жамбыл ауданының екі бірдей мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары істелінді. Оның бірі – Троицк ауылындағы орта білім ордасы.
– Мектеп осыдан 18 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен болатын. Биыл мемлекеттік бағдарламаның арқасында білім ошағымыз жаңартылды. Бұл мақсатқа 122 млн. теңге бөлінді, — Троицк орта мектебінің директоры Алма Мухина.
Бұдан бөлек, Украин орта мектебі де жөнделді. Ел қазынасынан қарастырылған 85 млн. теңгеге оқу нысанының шатыры мен 144 терезесі ауыстырылды.
Биыл Жамбыл ауданында 29 мектептің 6-уына 70 млн. теңгеге қажетті жиһаз сатып алынды. Бұл қаражат облыстық бюджеттен бөлінген болатын.