Бүгін Кәрім Сүтішев пен Жамбыл Жабаев көшелерінің қиылысында «Mercedes-Benz» пен «Mitsubishi Galant» автокөліктері соқтығысып, салдарынан теміртұлпардың бірі аударылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, «Mitsubishi»-ді басқарған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, аударылды.
— «Mercedes-Benz» пен «Mitsubishi Galant» автокөліктерінің 32 және 34 жастағы жүргізушілері медициналық куәландырудан өтуге жіберілді. Алдын ала болжам бойынша екеуі де мас емес. Қазір полиция қызметкерлері материал жинап жатыр, кейін процестік шешім қабылданатын болады, — дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.