Кеудеге тағылатын бейнетіркегіштердің артықшылықтары

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері кеудеге тағылатын бейнетіркегіштердің артықшылықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жылдары СҚО полициясының сыртқы қызметтері кеудеге тағылатын бейнетіркегіштермен белсенді жабдықталуда. Қазіргі уақытта полицейлер «Samsung» құрылғыларын пайдаланады. Бейнежетондар шағын және өте ыңғайлы. Кезекшілікке түсетін тәртіп сақшыларының барлық әрекеттерін жазып, тіркеп отырады.

СҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының орынбасары Дархан Наурызбаевтың айтуынша, “Цифрлық полицей” жобасы аясында солтүстікқазақстандық полицияның қызметкерлері жаңа үлгідегі киілетін бейнетіркегіштермен жарақтандырылуда. Бүгінгі таңда облыста «Samsung» маркалы 260 құрылғы жұмыс істейді. Олардың ескі жүйелерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар: жадының көбірек болуы, қуаттау уақыты азырақ және тағы басқа сол сияқты артықшылықтары бар. Облыстық және патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері жаңа тіркегіштермен 100% жарақтандырылған. Жазба кезекшіліктің барлық уақытында жүргізіледі. Үздіксіз жұмыс істеуі үшін «Power bank» қуаттау құрылғыларын пайдаланады.

Пайдаланатын құрылғылардың басты артықшылығы — онлайн-мониторинг жасау мүмкіндігі. Кезекшіліктегі қызметкердің бейнежетонына кез келген минутта жедел басқару орталығы мен бөліністердің басшылары, тіпті облыстық полиция департаментінің бастығы да қосыла алады. Полицейлердің кеудеге тағылатын бейнетіркегіштерді кеңінен қолдануы бірқатар бағыттар бойынша жұмысты оңтайландыруға мүмкіндік берді. Бірінші кезекте – бейнежазба арқылы даулы жағдайларды объективті талдауға болады. Екіншіден, тіркегіштер сыбайлас жемқорлықтың және құқық қорғау органдары тарапынан әдепті бұзу фактілерінің алдын алуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда бейнежетонды көрген құқық бұзушылар өздерін тәртіпті ұстайды.

Полиция департаментінде ескерткендей, солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері тарапынан болатын құқыққа қайшы іс-әрекеттердің немесе қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаудың барлық фактілері бойынша облыстық полиция департаменті ішіндегі өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8 (7152) 61-26-89; +7-700-161-26-89 сенім телефондарына немесе 102 арнасына оқиғаның мән-жайын, күнін және нақты орнын көрсете отырып, тікелей жүгіну қажет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz