Петропавлда қыз-келіншектерге «Визаж» бағыты бойынша тегін оқу-тәжірибелік курстар ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оқу курстары облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қолға алынды. Шара 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылып отыр.
— 11 қыркүйекте біз «макияж жасау» оқу курсын бастадық. Оған жаңа білім алғысы келетін 20 әйел жазылды. Оқу 5 күнге созылады. Аяқтағаннан кейін барлық қатысушылар өз бизнестерін ашуға немесе осы мамандық бойынша жұмыс табуға көмектесетін тиісті сертификаттар алады, яғни олар визажист қызметтерін көрсетуден ақша таба алады, – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Әсел Самаратова.
Болашақ әріптестерін тәжірибелі мамандар, тұрақты макияж орталығының макияж суретшісі Любовь Лапина мен Олеся Плессер үйретуде.
«Мен кәсіпкер» жобасы аясында әйелдерге арналған тегін бейіндік курстар «тігінші», «SMM» және «маркетплейс менеджері» сияқты бағыттар бойынша өткен болатын. Аладағы уақытта кондитерлікті меңгергісі келетін жандарға курс ашылмақ.