Оның ішінде нақты сектор – 4,4%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,8%-ке өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып жатыр. Әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2% болды.
Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49%-ке, білім беруде – 31,9%-ке, саудада – 30,1%-ке, ауыл шаруашылығында – 20,7%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 5,7%-ке өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 5,7%-ке өсіп, 79,5 млрд долларға жетті.
— Экспорт 44,8 млрд. долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 млрд. долларға жетті. Тауарлар импорты 34,7 млрд. долларды құрады. Жалпы оң сауда балансы 10 млрд. долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,1%-ке өсті. Көрсеткіштің өсуі 15 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Алматы қаласы және Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстары көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 28,1%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 42,2%-ке және электр жабдықтарын жасаудың – 34,3%-ке өсуі қамтамасыз етілді, — делінген вице-министр баяндамасында.
Сонымен қатар өсу мына салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 4%, химия өнеркәсібі – 3,1%, металл бұйымдары – 6,4%, сусындар өндірісі – 5,4%, пластмасса бұйымдары – 7,5%, жеңіл өнеркәсібі – 19,8%. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,3%-ке жоғарлады. Бұл ретте мұнай өндіру – 6,6%-ке, газ өндіру – 3,2%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 13,6%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 1,8%-ке өсті. Металл кендерін өндіру – 1,2%-ке, көмір өндіру – 5,5%-ке төмендеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,4%-ке ұлғайды.
— 18 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалды. Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда 10 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ке жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында байқалды. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 0,3%-ке ұлғайды. Саладағы өндірістің өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстары көрсетті. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай: Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 6 өңірде – Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды, — дейді Ұлттық экономика вице-министрі.
6 көрсеткіш бойынша өсу 8 өңірде тіркелді. Бұл Абай, Ақмола, Алматы, Жетісу, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары. Ақтөбе, Жамбыл және Қарағанды облыстарында 5 көрсеткіш бойынша, Ұлытау облысы мен Астана қаласында 4 көрсеткіш бойынша, ал Атырау облысында тек 3 көрсеткіш бойынша оң өсім байқалды.