«Жәбірленушілерге өтемақы» қорынан 18 адамға төлем жасалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы «Жәбірленушілерге өтемақы» қорынан өтемақы алу мақсатында облыстық полиция департаментіне 63 азамат өтініш берді. Биыл олардың 18-іне төлем жасалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу аясында түрмеге тоғытылған  адамдардан регрессиялық талап-арыздарды өндіріп алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істерді қарау барысында прокурорлардың 2,6 млн. теңгеге 21 талап арызы, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 4,3 млн. теңгеге 31 талап арызы қанағаттандырылды.

Прокурорлар сотталғандармен түсіндіру  жұмысын жүргізу барысында өтемақы сомасын ерікті түрде төлеудің 7 фактісіне қол жеткізген.

Жалпы, облыстың жеке сот орындаушыларының қолында былтыр сотталғандардан қорға 84,4 млн. теңгені өндіріп алу бойынша 1 686 құжат болды. 2022 жылы жалпы сомасы 38,8 млн. теңге болатын 808 құжат бойынша өндіріс аяқталды.

Прокурорлар борышкерлерден қорға өндіріп алуға қатысты 8 қадағалау актісін енгізді. Үйлестіру жұмыстары нәтижесінде 66 борышкер жұмысқа орналастырылды. Жеке сот орындаушылар полиция органдарымен бірлесіп 12 рейдтік іс-шара өткізген.

Сот үкімінің дер кезінде орындалмауының және өндіріп алудың төмен болуына борышкерлердің бұрын сотталған болуы, жұмысқа орналасқысы келмей,  еріншектік өмір салтын ұстануы,  мойындарында несиелерінің болуы себеп.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz