Экономикалық зерттеу институтының мамандары жалақы бойынша қалалар рейтингін жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Жалақы — қаланың басқа елді мекендерге қатысты тартымдылық элементтерінің бірі. Осыған орай ұлттық статбюро дерегіне сүйене отырып, Қазақстанның 26 қаласын қамтитын 2021-2022 жылғы көрсеткіштерді салыстырып, талдау жасалды. Сонымен қатар, жалақы қалалар бөлінісінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіштерімен салыстырылды» делінген институт таратқан мәліметте.
2022 жылдың үшінші тоқсаны бойынша жалақы рейтингі мынадай (теңге):
Салыстырмалы кестеден ең жоғары жалақы Жаңаөзенде — 686 744 теңге, ал Талдықорғанда ең төмен — 212 136 теңге болғаны байқалады. Алшақтық 3,2 есе.
Бір қызығы, ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Жаңаөзен көшбасшы, бұл қалада өмір сүрудің жоғары құнын сипаттай алады (Жаңаөзен — 60 697 теңге, Түркістан — 31 211 теңге).
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (прожиточный минимум) ең төменгі қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың белгіленген үлесіне ұлғайтылған азық-түлік себетінің құнынан қалыптасады.
Мысалы, азық-түлік себетінің құны халықтың әр түрлі жыныстық және жас топтары үшін азық-түлік себетіне кіретін азық-түлікті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын орташа бөлшек сауда бағасына көбейту арқылы есептеледі.
Осылайша күнкөріс деңгейінің шамасын құрайтын азық-түлік себеті мен азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсалатын шығын елді мекенде «өмірдің қымбаттығын» көрсетуі мүмкін.