СҚО-да «Жаңа концепция» бағдарламасы жүзеге асырылмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы 33 пәтерге байқау ұйымдастырып жатыр. Оған қала тұрғындары қыркүйектің 20-сы мен 26-сы күндері өз өтініштерін қалдыра алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа көпқабатты баспана Уәлиханов көшесі 1/7 мекен жайы бойынша орналасқан. Байқау шарттарына сәйкес, үміткер әкімдікте кез келген категория бойынша кезекте тұруы тиіс, «Отбасы банкте» ашқан есепшотта пәтер бағанасының 10 пайыздық жарнасы болуы қажет. Өтінімді қалалықтар otbasybank.kz сайытында қалдыра алады. Қатысушыларды іріктеу қыркүйектің 27-сі күні өтеді.

– «Жаңа концепция» бағдарламасы облыс бойынша бірінші рет жүзеге асырылғалы отыр. Ерекшелігі – қосымша пәтерлер болғаннан кейін тұрғын қай пәтерге қатысады, сол пәтерді таңдау керек. Барлық ақпарат сайтта көрсетіледі, — дейді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы Назерке Ғалым.

Пәтердің бір шаршы метрі 180 мың теңгеге бағаланып отыр. Бүгіндері үй тапсырылуға дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz