ҰБТ-ның 2024 оқу жылына арналған шекті балдары жарияланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлерге үндеу жариялады. Орталық екі пән бойынша шекті балл төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

21 қыркүйектегі жарияланған ақпаратта айтылғандай, «Математикалық сауаттылық» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша шекті балл үш балға дейін төмендетілді. Бұрын бұл пәндер 5 баллдан кем болмауы керек еді.

Сарапшылар тестілеу форматы өзгеріссіз қалатынын түсіндірді: 5 пән (3 міндетті + 2 негізгі).

  • «Математикалық сауаттылық» – 10 тапсырма, 10 ұпай, шекті балл – 3.
  • «Оқу сауаттылығы» – 10 тапсырма, 10 ұпай, шекті балл – 3.
  • «Қазақстан тарихы» – 20 тапсырма, 20 ұпай, шекті балл – 5.
  • 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
  • 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

2023 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелеріне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Оның айтуынша, ҰБТ-2024-те тест тапсырмаларының саны өзгеріп, бейіндік пәндер бойынша тапсырмалардың жаңа түрі қосылып, тестілеу уақыты қысқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz