Қызын терезеден лақтырмақ болған ер адам 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда әйелімен жанжалдасқан соң бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Енді ол 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілетем жасап.

Петропавл қалалық сотының мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы «Қорқыту» бойынша қаралды.

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында болды. Ш. есімді сотталған мас күйінде бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен жаңа туған нәрестені лақтыратындығын айтып қорқытқан. Оған бірге тұратын әйелмен жанжалдасуы себеп болған.

Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп, нәрестені терезеден лақытармын деп қорқытқан Ш. қолға түсті.

Прокурор айыптаушы жақты қолдап, Ш.-ны 120 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын беруді сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот мұны есепке алғанымен, қылмыстық теріс қылықты мас күйде жасағандығын айыпты ауырлататын жағдай деп есептеді.
Петропавл қалалық соты Ш.-ға ҚР ҚК 115-бабының санкциясы бойынша ең жоғарғы жазаны берді. Ер адам 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ одан зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өндіріліп алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz