«Бейбіт күннің батырлары» турнирінің жеңімпазы анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда қазақ күресінен «Бейбіт күннің батырлары» атты республикалық ашық турнир өтті. Оған еліміздің 11 облысынан және М.Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясынан барлығы 82 балуан қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақ күресінен ашық турнир төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау қызметіндегілерді еске алуға арналды. Биылғы жарыста спортшылар үш салмақ дәрежесі бойынша 66, 74 килограмм және «түйе балуан» санатындағылар арасында мықтыны анықтады.

– Жарыс ел көлемінде алғаш рет ұйымдастырылды. Турнирге республикалық және Азия біріншіліктерінде жүлдегер атанғандар да қатысты. Оның қорытындысы бойынша ақшалай сыйақы қарастырылды. 66 және 74 килограмда өнер көрсетіп, бірінші орынға 200 мың, екіншіге 100 мың, үшінші орын иегерлеріне 50 мың теңге берілді. Сондай-ақ «түйе балуаны» санатында жеңімпазға 300 мың, күміс медальға қол жеткізген спортшыға 200 мың және қола жүлдегерге 100 мың теңге табысталды. Додада әр чемпионның бапкеріне де көтермеақы бөлінді. Оның сомасы 50 мың теңгені құрады. Бұдан бөлек, көрермен көзаймы аталымы да болды, — дейді жарыстың ұйымдастырушысы Дәурен Нұрғожин.

whatsapp image 2023 09 25 at 10.02.37whatsapp image 2023 09 25 at 10.02.36

Жарыста 66 килограмда бірінші орын «Қызылжар арландары» клубының мүшесі Мейіржан Берекетовке бұйырса, тағы бір солтүстікқазақстандық балуан Жандос Нұрбек күміс жүлдегер атанды. Бұл салмақта үздік үштікті елордалық Сағындық Әшім мен Ақмола облысының өкілі Нұрсұлтан Найманғазиевтер түйіндеді.

74 килограмда астаналық балуан Бейбарыс Тұрғанбекұлы жеңімпаз атанды. Екінші орынға «Қызылжар арландары» клубының мүшесі Батырхан Қайырбек жайғасты. Сондай-ақ тағы екі бірдей теріскейлік спортшы Дмитрий Динер мен Асхат Халыбай үшінші орынды қанжығаларына байлады.

376683625 18251369242207422 4357388794353359799 nwhatsapp image 2023 09 25 at 10.03.09

Көрермен асыға күткен аса ауыр салмақта да бәсеке жоғары болды. «Түйе балуан» атағы үшін күрескен спортшылар арасында жеңіс елордалық Айбат Сейтенге бұйырды. Астаналық балуан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Қанат Өмірзақты шан қаптырып, жерлесіміз күміс жүлдені місе тұтты. Ал үшінші орынға Ақжар ауданынан келген Батырбек Хамит қол жеткізді. Турнирдің «Көрермен көзайымы» аталымында 100 мың теңгелік ақшалай сертификат Алматы облысының өкілі Қайрат Сейтахметке берілді.

Биыл Қызылжар төрінде қазақ күресінен өткен алғашқы турнир «Бейбіт күннің батырлары» Қазақстанның өртсөндірушілері мен құтқарушылары қоғамдық қоры демеушілігімен ұйымдастырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz