«Қызылжар» мен «Ақтөбе» командалары арасындағы ойында жеңімпаз анықталмады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Футболдан ел біріншілігінің 23-ші турында «Қызылжар» клубы өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Бұл кездесу 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл турға дейін турнир кестесінде жергілікті «Қызылжар» клубы 5-ші орында келе жатса, «Ақтөбе» екінші сатыда тұрды. Қос команда үшін жеңіс ауадай қажет болды. Сондықтан ойынның бірінші минуттарынан бастап, қонақтар алаң иелерін қыспаққа алса, жерлестеріміз қарсы шабуылдарда гол соғуға тырысты.

Бірінші таймда ақтөбеліктерде есеп ашуға бірнеше мүмкіндік болды. Алайда қырағы қызылжарлық қақпашының арқасында гол соғылмады.

Ойынның екінші бөлімінде де есеп өзгеріссіз қалып, қос команда 1 ұпаймен тарқасты. Осылайша «Ақтөбе» клубы екінші сатыдан үшінші орынға сырғыды. Ал «Қызылжар» командасы 5-ші орнында қалды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz