Полицейлер көмекке келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынын ауруханаға жедел түрде жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Данияр Базанов пен Игорь Семин «Жезқазған – Петропавл» автожолын түнгі уақытта патрульдеді. Сағат 21:44-те оларға Шал ақын ауданынан Петропавлға 82 жастағы әйел алып келген жедел жәрдемнің жүргізушісі жүгінді. Оны ертіп келген фельдшер науқастың жағдайы дереу ауруханаға жатқызуды қажет ететіндігін түсіндірді. Сонымен қатар жолда медицина қызметкерлерінің көлігінде жарық пен сигналдық дауыс қондырғысы істен шыққан. Полиция қызметкерлері осы жағдай туралы дереу кезекші бөлімге хабарлап, жедел жәрдемді межелі жерге дейін жедел түрде ертіп барды.

– Зейнеткер мамандардың қолына тапсырылды, қызметкерлер трассаның өз учаскесіне қызмет көрсетуге оралды. Мұндай жағдайлар патрульдік тәжірибеде жиі кездеседі. Кезекшілікке келіп, батальон қызметкерлері жолдағы қиын жағдайларда адамдарға көмек көрсету бойынша тапсырма алады. Барлық жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жай-күйін қадағалауды және ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, – дейді СҚО ПД ППБ командирі Уәлихан Оразалин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz