Қыркүйектің 25-сі күні Петропавлдағы жеке тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Салдарынан 20 жастағы қыз бен екі кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД-нің мәліметінше, «101» пультіне Волочаевская көшесіндегі үйде өрт шықты деген хабарлама сағат кешкі 21:35-те түсті. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер жанып жатқан баспананы көрген.
– Өрт сөндіру кезінде оқиға орнында үш адамның жансыз денесі табылды. Олар 2003 жылы туған келіншек, 2022 және 2018 жылы туған балалар болып шықты, — дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Төтенше жағдай орын алған жерге облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барды. Өңір басшысы қаза тапқандардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.