Азия ойындарында солтүстікқазақстандық бұрымды боксшымыз Наталья Богданова шаршы алаңдағы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сарықұрлықтың басты бәсекесінде жерлесіміз Наталья Богданова 66 килограмм салмақ дәрежесінде ел намысын қорғауда. Оның Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегі қыркүйектің 25-сі күні өтіп, былғары қолғап шебері Сауд Арабияның өкілі Рагад Ибрагим Аль-Наимидімен кездесті. Солтүстікқазақстандық бұрымды қыз бірінші раундта қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, нокаутпен ұтты. Осылайша Наталья ширек финалға жолдама алды.