Қазақстанда ұн өндірісі 3,7% өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық (2022 жылғы қаңтар-шілде – 1,6 млн тонна).
Импорт үлесіне ұнның 1,4% тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді.
Импорт көлемі жеті айда 1,1% өсті.
Биылғы қаңтар-шілде айларында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.
Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз.
Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы — 225 теңге.