— Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды, – делінген Ақорданың ресми сайты таратқан хабарламада.
Мемлекет басшысының тағы бір жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды.
Дархан Қыдырәлі 1974 жылы дүниеге келген. Стамбул университетін бітірген. Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.
Еңбек жолын 2000 жылы Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер болып бастады. Осы университетте тарих кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, аппарат жетекшісі, доцент қызметтерін атқарды.
2012-2014 жылдары Түркі мемлекеттері кеңесі Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып тағайындалды.
ІІ дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
2016 жылдың шілдесінен 09.02.2022 жылға дейін – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы.
2022 жылдың қыркүйегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқарды.