Петропавлда жыл соңына дейін 20 көпқабатты баспана халық игілігіне беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Петропавлда 47 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп, бүгіндері 9 баспана халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көпқабатты баспаналар «Жас өркен», «Орталық», «Береке» және «Копай» шағынаудандарында тұрғызылып жатыр. 18 үйдің құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінсе, 29-ы құрылыс компаниялары өз қаражаты есебінен салуда. Бұл ақпаратпен қала әкімі Серік Мұхамедиев Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде өткен халықпен кездесуде бөлісті.

— Жыл соңына дейін 20 көпқабатты баспананың құрылысы аяқталмақшы. Нәтижесінде 2 мыңнан отбасы құтты қоныстарының кілттерін алады. Бүгіндері баспаналардың аулаларын абаттандыру жұмыстары істелініп, 16 үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері тартылуда.
Халық игілігіне берілетін көпқабатты үйлерге әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 600 тұрғын қоныстанбақ. Баспаналардың барлығы «Береке» шағынауданында орналасқан, — деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz