Жастардың энергетик сусындарын сатып алуына тыйым салына ма

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Енді жастардың энергетик сусындарды сатып алуына тыйым салынбақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 11-15 жастағы жасөспірімдердің энергетик, тәтті сусындарды ішуі 17,5%-ға тең.

— 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетик сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізіліп жатыр, — деді Ажар Ғиният.

Темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді. Тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптер), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу бойынша мәжілісте Заңға өзгерістер қарастырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz