Петропавлда жылыту маусымына әлі де дайын емес көпқабатты тұрғын үйлер бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қыркүйектің 26-сы күнгі ақпарат негізінде жылу қабылдауға 1129 көпқабатты баспана дайын, ол шамамен Петропавлдағы үй қорының 99,4 пайызын құрап отыр. Бұл үйлердегі жылу беретін құбырларда жуып-шаю жұмыстары жүргізіліп, тиісті қысқа әзірлік құжаты берілді.
Бүгіндері облыс орталығында 1135 көпқабатты үй бар. Естеріңізге салсақ, Петропавлда жылыту маусымы әлі басталған жоқ. Десе де кейбір әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу берілді.