2020 жылдан бастап, қала аумағында ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін тиісті мақсатта пайдаланбау бойынша 370 факті анықталды. Барлық материалдар облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, соңғы тоғыз айдың ішінде жер учаскелерін мемлекет мешігіне қайтару бойынша 61 материал жинақталды. Нәтижесінде сот шешімімен 13 жер учаскесі заң нормаларын сақтамаған азаматтардан тәркіленді.
Биыл қалалық әкімдік иесі жоқ саяжай учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп, 90 жер телімі жаңа қожайындарына берілді. Қазіргі уақытта 42 материал сот қарауына жіберілсе, 114-і саяжай учаскесі жергілікті атқарушы органда иесіз ретінде тіркеуге алынды.