СҚО-да қарттарға бюджет есебінен материалдық көмек көрсетіле ме

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанның кейбір өңірлерінде Қарттар күніне орай аға буын өкілдеріне біржолғы материалдық көмек берілсе, СҚО-да мұндай қаржылық қолдау қарастырылмаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, Қарттар күніне Астана қаласында, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне Ақмола және Павлодар облыстарында аға буын өкілдеріне 2-ден 10 АЕК-қа (6 900 – 34 500 теңге аралығы) дейінгі мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Ол шамамен 1,9 млрд. теңгені құрамақ. Сонымен қатар Қарттар күніне орай Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарында мерекелік азық-түлік себеттері табысталады.

— Биыл жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға шамамен 4,6 млрд. теңге бағытталды, — деді Светлана Жақыпова.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өткен жылы қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында өңірде 30429 азаматқа материалдық көмек көрсетілді. Қайырымдылық сенбіліктерден жинақталған және демеушілерден түскен қаражаттың сомасы  124,5 млн. теңгені құрады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz