Азия ойындары: Қазақстан қоржынында үшінші алтын

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы қоржыны үшінші алтынмен толықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлағандай, стенд ату турнирінің аралас жұптық сында өнер көрсететін қазақ дуэті Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко алтын медальді жеңіп алды.

«Скит жаттығуларының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан мықты болды. Қорытынды есеп 40:35 болды. Бұл біздің ел құрамасының Азия ойындарындағы үшінші алтын медалі», — делінген хабарламада.

— Біздің атқыштар тағы да тамаша нәтиже көрсетті! Мен спортшыларды, жанкүйерлерді және әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жетістігімен құттықтаймын. Қазір біздің атқыштарымызды бүкіл ел мақтан тұтады. Бұл жеңістер мыңдаған қазақ балаларын жігерлендіретініне сенімдімін. Осы тамаша спорт түрімен айналысу керек, — деді Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін оқ ату сынында Зухра Ирназарова Қазақстанға екінші «алтынды» әкелді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz