Қазанның 1-нен бастап Петропавлда жылыту маусымы басталады. Қала әкімі Серік Мұхамедиев тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жылу беру кезең-кезеңмен жүргізіледі. Алдымен қаладағы әлеуметтік маңызы бар нысандар жылыту жүйесіне қосылады. Бүгіндері Петропавлда 80-нен астап мектеп, балабақша мен денсаулық сақтау саласына тиесілі мекемелер жылуға қосылған.
— Жылыту жүйесіне әлеуметтік маңыздағы нысандар қосылып, кейін көпқабатты баспаналарға жылу беріледі. Олардың саны 1135-ті құрап отыр. Жүктемені азайту мақсатында жылу кезең-кезеңмен берілетін болады. 10 күннің ішінде қаланың барлық объектілерін жылумен қамтамасыз етеміз, – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Серік Мұхамедиев.