255
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағына бидайды автомобиль және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салу туралы» бұйрыққа түзетулер дайындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Атап айтқанда, бұйрық «бидай импортына тыйым салу бидайдың Қазақстан аумағы арқылы транзитіне қолданылмайды» деген жолмен толықтырылды.
Енді құжатта былай делінген:
«Қазақстан Республикасының аумағына бидай импортын лицензиясы бар элеваторлар, астық өңдеуші кәсіпорындар, құс шаруашылығы кәсіпорындарын қоспағанда үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобильмен, темір жол және Қазақстан аумағы арқылы бидай транзитін қоспағанда Қазақстан аумағына бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынады».
Құжат 6 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтына жарияланған.