Солтүстік Қазақстан облысында педофилия фактісі бойынша қылмыстық іс тергелді. М. Жұмабаев ауданында әкесі мас күйінде туған қызын зорлаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов бұл фактіге тоқталып, өрескел жағдай туралы баяндап берді.
— М. Жұмабаев ауданында Өзбекстан азаматы мас күйінде кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады. Қылмыстық іс аяқталды, сотқа жіберілді, — деді Айдын Қабдулдинов.
Облыс бойынша есепте барлығы 43 педофил бар, оның 34-і бас бостандығынан айыру орындарында. Қалғандары қатаң бақылауда. Олар босатылғаннан кейін дереу бақылауға алынады, апта сайын мекен-жайлары бойынша тексеріледі, мінез-құлқы, жұмысқа орналасуы бақыланады.