«Қазгидромет» РМК филиалының болжамы бойынша қазан айында Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы орта есеппен 5-6 градус жылулықты көрсетпек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазан айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 2-7-ден 0-5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, кей жерлерде -3 градус аяз болуы мүмкін, күндіз 14-19-дан 10-15-ке дейін суытады. Содан кейін ол түнде 5-10 — ға дейін, күндіз 15-20 градусқа дейін жылынады деп болжам жасауда «Қазгидромет» РМК филиал мамандары.
Екінші онкүндікте түнде 0-5 градусқа дейін, күндіз 5-10-ға дейін салқындайды. Онкүндіктің соңында – ауа температурасының түнде 0-ден 5-ке дейін, күндіз 2-ден 7-ге дейінгі жылулықты көрсетеді.
Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін, күндіз 7-12 жылыға дейін көтеріледі деп күтілуде. Онкүндіктің соңында термометр бағанасы түнде минус 5-10 градусқа, күндіз 0 – минус 5 градусқа дейін төмендейді.
Бір айдың ішінде жауын-шашын мөлшері шамамен 22-40 мм, кей жерлерде нормадан көп болады деп күтілуде.
Жаңбыр бірінші онкүндіктің ортасында болады деп болжануда. Жаңбыр мен қар айдың ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында жауады. Тұман үшінші онкүндіктің басында, көктайғақ үшінші онкүндіктің соңында болуы мүмкін. Секундына 15-20 метр жел бірінші онкүндіктің басында, екінші онкүндіктің басында және ортасында, үшінші онкүндіктің соңында болады деп болжанып отыр.