«Қызылжар» клубы көкшетаулық «Оқжетпестен» жеңілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Футболдан ел біріншілігінің 24-турында «Қызылжар» клубы өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпес» командасын қабылдады. Кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ойын басталысымен жерлестеріміз шабуылдауға кірісті. Көкшетаудан келген команда да қарап қалмады. Нәтижесінде матчтағы алғашқы голды «Оқжетпес» аяқдопшылары соқты. Оның авторы – Максим Драченко атанды. Кейін қызылжарлықтарда таразы басын теңестіруге бірнеше мүмкіндік болды. Кездесудің 32-ші минутында Юрий Бушман есепті теңестірді. Алайда бұл гол есепке алынбады. Бірінші таймның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда солтүстікқазақстандық қақпашы қателесіп, көкшетаулықтар қатарында Жасұлан Молдақараев көзге түсті.

Матчтың екінші бөлімінде солтүстікқазақстандықтар екі голдың есесін қайтаруға тырысты. Ойынның 59-шы минутында Лука Имнадзе есеп айырмасын қысқартты. Кейін жерлестеріміз қонақтар қақпасына қанша шабуылдаса да, таразы басын теңестіре алмады. Нәтижесінде «Қызылжар» клубы ойламаған жерден сүрінді. Қорытынды есеп 1:2.

24-ші турдың қорытындысы бойынша көш басында шымкенттік «Ордабасы» клубы келе жатыр. Екінші сатыға «Астана» командасы жайғасса, жерлестеріміз әзірге 5-ші орында тұр. Келер жылдың еуро маусымына қатысу үшін қызылжарлықтар чемпионатты кем дегенде 4-ші орында аяқтауы қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz