СҚО әкімі Петропавлдағы зауыттарды аралады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы зауыттардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ең алдымен өңір басшысы мұнай өндіру саласына қондырғылар шығаратын «Мұнаймаш» кәсіпорнында болды. Зауыт жылына 10 мың сорғыш штангаларды жасайды. Кейін Ғауез Нұрмұхамбетов ламинатталған фанера өндіретін комбинатқа барды. Қазіргі күні инвесторлар ДСП әзірлейтін фабриканы тұрғызуда. Жаңа желіні олар 2024 жылы іске қосуды жоспарлап отыр.

Облыс әкімі «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ға барып, ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыру барысымен танысты.

Ғауез Нұрмұхамбетов заманауи және бәсекеге қабілетті технологиялар қолданатын Киров атындағы зауыттың жұмысын да бағамдап көрді.

– Зауыттың бүкіл әлеуетін пайдалану қажет. Кәсіпорынды тапсырыспен және өнімін өткізе алатын нарықпен қамтамасыз ету керек. Жоспардың орындалуы бақылауда болғаны жөн, — деді жазды облыс әкімі.

photo 5249281498887080670 y photo 5249281498887080671 y

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz