Облыста тұмауға қарсы екпе 60 мың адамға қойылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, науқан кезінде 60 мың адамға тұмауға екпе егілетін болады. Қазірдің өзінде дәрігерлерге вакцина алуға 714 адам жүгінді. Олардың 377-сі денсаулық сақтау саласы қызметкері, бесеуі мектеп оқушысы, 2 жүкті әйел, созылмалы ауруы бар 289 адам бар.

– Екпені қала тұрғындары тіркелген емханаларды ала алады. Тәуекел тобына жататын адамдардың вацинаны тегін салдыртуға мүмкіндіктері бар. Олардың қатарына медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда есепте тұрған балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйіндегі адамдар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар адамдар кіреді.
Екпе «А» және «В» типті тұмаудан қорғайды. Дәрігерлер тұрғындарға «Grippol Plus» препаратын қояды, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz