ЖРВИ-ді жұқтырғандар қатары артты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен эпидемиологиялық маусымда облыста жедел респираторлық вирустық инфекцияны 53 мыңнан астам адам жұқтырды.  Бұл сан оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда 1,7 есеге көп болып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, ЖРВИ-мен ауырғандардың 65 пайызы немесе 35 мыңға жуығы – 14 жасқа дейінгі бала.

—  Былтыр қазан айында тұмау жұқтырудың алғашқы деректері тіркелді. Сырқаттанғандардың 90 пайызы «В» типті тұмаумен ауырса, «H1N1» – 8 пайызында және «H3N2» – 2 пайызында кездесті. Осы маусымда, Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша, «В» вирусының қосылуымен «АН1N1» және «АH3N2» вирустары жүреді, соның ішінде «АН1N1» вирусының басым болу ықтималдығы жоғары, — дейді Арман Күшбасов.

Бүгінде облыста ЖРВИ-ді жұқтырғандар саны артып келеді. Маман тұмаудың  адамнан адамға оңай таралатын және барлық жерде кездесетін өте жедел жұқпалы ауру екенін айтты.  Әр адам тұмау вирустарына сезімтал келеді. Инфекцияны науқас адам таратады.

— Әдетте дене қызуы кенеттен көтеріліп, жөтел пайда болады. Бас, бұлшықет пен буын ауырады, адамда әлсіздік болып, тамағы қырылдайды және мұрыннан су ағады. Жөтел 2 апта немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Ауру жеңіл де өтеді, ал кейде тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Жылда 3-5 млн. адамда тұмау ауыр өтсе, соның 290-650 мыңы респираторлық аурулардан қайтыс болады, — дейді Арман Күшбасов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz