Үкімет отырысында қайта өңдеу өнеркәсібінің ахуалы туралы мәлімет берген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев металл өңдеу келемі 4,3% кемігенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
— Металлургия саласында төрт пайыздан астам (4,3%) төмендеу байқалады. Бұған металлургия зауыттарындағы негізгі пештерді жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары әсер етті. Алайда индикатордың динамикасы қалпына түсіп келе жатыр, — деді министр.
Оның сөзінше, былтыр жалпы ішкі өніміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13,4% болған.
— Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі сегіз ай ішінде 14 трлн теңге болып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3,1% өсті. Салалар бөлінісінде тұрақты өсім 28,1% көрсеткішпен машина жасау саласында байқалып отыр. Бұл автокөлік құралдары (+42,2%), машиналар мен жабдықтар (+22,5%) және электр жабдықтарын (+34,3%) шығару есебінен мүмкін болды, — деді Қанат Шарлапаев.
Ал жеңіл өнеркәсіп саласында тоқыма өндірісі 35,9% өскен.