Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда студенттерге салынып жатқан жатақханалар құрылысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері облыста студенттерді жатақханамен қамту мәселесі өзекті. СҚО білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде әлі де 2 мың жатын орын жетіспейді.
Петропавлда 1750 орынға шақталған 3 жатақхананың құрылыс жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның екеуі қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
– Студенттер екі жатақханаға биыл қоныстанса, үшіншісінің құрылысы 2024 жылы аяқталады. Нәтижесінде бұл мәселе оң шешіледі, — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.