СҚО әкімдігінің отырысында екі мәселе қаралды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен аппарат отырысы өтіп, жиында екі мәселе қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Шарада алдымен күзгі орақ науқаны туралы айтылды. Өңір басшысы құрғақ ауа райын барынша пайдаланып, майлы дақылдарды жинауды аяқтау керектігін атап өтті. Сондай-ақ облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудан әкімдіктеріне егінді тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз етіп, келесі жылдың тұқымын дайындауды қадағалауды тапсырды.

– Ауыл шаруашылығы техникасы паркіне және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының заманауи астық сақтау қоймаларының болуына талдау жүргізу керек. Аудан әкімдеріне ЖШС және шаруа қожалықтарының еңбек жағдайын, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, еңбекақыны уақтылы төлеуді бақылауға алуды тапсырамын, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

photo 5253550928307538626 y photo 5253550928307538627 y

Жедел кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігіне қатысты болды. Аймақ басшысы өрт сөндіру гидранттарының жұмысқа жарамдылығын және техниканың дайындығын тексеруді тапсырды.

– Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдеріне құрғақ шөп пен қамысты дер кезінде шабуды тапсырамын. Өрттің алдын алу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуі керек. Жеке үйлерді тексеріп, халықтың әлеуметтік осал топтарын өрт хабарлағыштарымен жабдықталуын қамтамасыз ету қажет, — деді СҚО әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz