Азия пара ойындарына 3 солтүстікқазақстандық спортшы қатысады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазанның 22-сі мен 28-і күндері аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында IV жазғы Азия пара ойындары өтеді. Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында тірек-қимыл аппараты зақымданған 3 солтүстікқазақстандық спортшы ел намысын қорғамақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпаратына сәйкес, Азия пара ойындарында ұлттық құрама сапында тірек-қимыл аппараты зақымданған жеңілатлеттер арасында «Үміт» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының өкілдері бар. Олар Сергей Харламов, Иван Залезняк пен Евгений Орлов.

– Сергей Харламов 100 метрге жүгіру және ұзындыққа секіру сайыстарына қатысады. Иван Залезняк биіктікке секірушілер арасындағы жарыста бағын сынаса, Евгений Орлов диск лақтыру мен биіктікке секіруден өз мүмкіндігін сынап көрмек, — дейді «Үміт» клубының аға бапкері Дмитрий Клеев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz