Ауылдасы сыбайлас нашақормен бірлесе тонап кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері пәтер ұрлығын ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

2022 жылдың қараша айында облыстағы аудандардың бірінде кәсіпкер тауар алу үшін Петропавлға жолға шыққан. Оған жұбайы қоңырау шалып, белгісіз қылмыскердің үйге кіріп, сейфті бұзып, 6 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлаған. Ауыл тұрғыны дереу полицияға жүгініпті. Мамандар қылмыстың таңертең жасалғанына назар аударған. Үй иелерінің үйде болмаған кезін кім білуі мүмкін деген сұрақ туындады. Бұл туралы ауылдың 44 жастағы тұрғыны ғана білген. Ол жәбірленушіден қалаға қашан баратынын алдын ала сұрап, ала кетуді өтініпті. Жолда белгісіз адаммен бірнеше мәрте телефон арқылы сөйлескен. Оның 37 жастағы есірткіге тәуелді Петропавл азаматымен әңгімелескені белгілі болды.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның ұрлық жасауға қатысы бары анықталды. Сот тергеудің дәлелдерін сенімді деп тауып, қатысушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша жаза тағайындады. Үкімге сәйкес, ауыл тұрғыны -6 жылға, ұрлық жасаған Петропавл тұрғыны – 9 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz