Сәтжан Аблалиев Көлік вице-министрі лауазымына тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған Сәтжан Аблалиев Көлік министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Сәтжан Айтенұлы Аблалиев облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылып, ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміздің Көлік министрлігінің вице-министрі лауызымына тағайындалды.

Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақстан қатынас жолдары университетiн инженер-құрылысшы, инженер-экономист мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстiк-Ембi мұнай барлау экспедициясының орталық инженерлiк-техникалық қызметiнiң оператор-коллекторы болып бастады. 1996-2004 жылдары Қазақ көлiк және коммуникация академиясында түрлi лауазымдарда қызмет еттi. 2004 жылдан Автомобиль жолдары комитетiнде басшылық лауазымдарды атқарды.

2012 жылдан Автомобиль жолдары комитетi төрағасының орынбасары болды. 2021 жылғы 7 маусымнан осы тағайындауға дейін Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары қызметін атқарды.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәтжан Аблалиевтің орнына әзірге ешкім тағайындалған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz