Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Мамлют, Есіл және Тимирязев аудандарында болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО әкімі Мамлюткада жергілікті тұрғындармен кездесіп, олар ауданның инфрақұрылымын жақсарту, спорт нысандарын салу, абаттандыруға қатысты өз ойларын ортаға салды.
Жергілікті шаруалар әлеуметтік жауапты бизнестің жақсы үлгісін көрсетуде. Мәселен, Новомихайловкада серіктестік басшысы спорт кешенін қайта жаңғыртуда. Ал Меңгесер ауылында «Мәмбетов және К» КС өз қызметкерлеріне 7 үй салып берді.
– Есіл ауданында Николаевка ауылы жаңғыруда. Бұл туралы ауыл тұрғындарымен кездесуде айтылды. Биыл Николаевкада ұзындығы 5 шақырымнан асатын 3 негізгі көшеге асфальт төселді. А.Игібаев атындағы мектеп жанындағы интернат күрделі жөндеуден өтті, — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Тимирязевтықтарды аудан орталығының дамуы алаңдатады. Ауылға жаңа орталық қазандық салып, аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу қажет. Бұл мәселе шешілсе ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсармақ.