Солтүстік Қазақстан облысында күзгі орақ науқаны аяқталуға жақын. Жергілікті диқандар өнімділігі 10,8 ц/га болатын 3,5 млн. тоннадан астам астық жинап үлгерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, Қызылжар, Мамлют, Аққайың, Есіл және Жамбыл аудандарында жоғары өнімділік байқалады – 14-17 ц/га. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Уәлиханов, Ақжар, Тайынша және Тимирязев аудандарында күзгі жиын-терім жұмыстарының нәтижесі төмен, гектарынан 10 центнер астық жиналды.
Ылғалды астықты кептіру үшін облыста жалпы өнімділігі тәулігіне 233 мың тонна болатын 317 астық кептіргіш іске қосылды. Олар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
— Ауа-райын ескере отырып, қосымша 19,7 мың тонна отын бөлінді. Азық-түлік корпорациясы 116 мың тонна астықты форвардтық сатып алуға шарт жасасты. 2024 жылғы егінге 326 мың тонна тұқым құйылды, бұл жоспардың 70 пайызын құрады. Тұқымның сорттық және егістік сапасын анықтау үшін облыс бюджетінен 70 млн теңге бөлінді. Барлық аудандар бойынша тұқымдарды талдауға бастаған зертханалар анықталды, — деп хабарлайды СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары.
Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер картоп және өзге көкөністерді жинау науқанын аяқтады.