Заңсыз жұмсалмақ болған 363 млн. теңге бюджетке қайтарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласына талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Ақжар ауданының Экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, ведомстволық сараптамадан өтпей, 3 ауылдағы жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізген.

— Прокурорлық қадағалау шараларымен қабылданған аталған сатып алулар жойылды, нәтижесінде 363 млн. теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді.

Басқа жағдайда, осы ауданда ауылдық округ әкімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарына қарамастан, Талшық ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеуге арналған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн. теңге көлемінде төлем жүргізген, — деп жазды ведомстводан.

Қадағалау актісі және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бюджет қаражатын өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz