Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында әйелдер боксында сынға түсіп, қола жүлдегер атанған Наталья Богданова Петропавлға оралды. Былғары қолғап шеберін облыс орталығындағы Спорт сарайында жанкүйерлері құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Спорт сарайында жиналған дүйім жұрт өңір боксының тарихында алғаш рет жүлдеге іліккен Наталья Богдановаға сый-құрмет көрсетті. Азия ойындарының қола жүлдегері қала тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
– Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Өкінішке қарай, финалға өтіп, Олимпиада жолдамасын ұта алмадым. Дегенмен алда үлкен байрақты бәскелер бар. Онда міндетті түрде лицензия алуға тырысамын. Маған қолдау көрсетіп отырған ел халқына рахмет айтқым келеді, — деді Наталья Богданова.