СҚО прокурорының орынбасары болып Дәурен Ержанов тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
ҚР Бас прокурордың бұйырығымен енді СҚО прокурорының орынбасары қызметін Дәурен Тоқтарбайұлы Ержанов атқаратын болады.
Дәурен Ержанов еңбек жолын 1997 жылы Ақмола облысы прокуратурасы бөлімінің прокуроры қызметінен бастады.
1999-2022 жылдар аралығында Целинный көлік прокуратурасының Авиациялық көлік прокуроры, Ақмола облысы Шортанды, Зеренді, Атбасар аудандарының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 25 жылды құрайды.