Есірткіні жасырумен айналысқан

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО-да полицейлер 38 жастағы петропавлдықтың синтетикалық есірткі сатуға қатысы бар болуы мүмкін екенін анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол үш айға жуық уақыт бойы есірткі жасырумен айналысқан.

Қала тұрғыны сәуір айында Интернациональ көшесіндегі үйдің ауласында ұсталған. Жеке тінту кезінде одан ішінде кристалл тәрізді зат бар 25 полимерлі орама және есірткіні қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді. Кейін сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат α-PvP және мефедрон синтетикалық психоактивті заттары екені белгілі болды. Тәркіленгент заттың жалпы салмағы – 20,89 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

– Бұл доза 100-ден астам адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Аталмыш факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz