Алексей Луценко — «Түркия туры» көпкүндік веложарысының жеңімпазы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Алексей Луценко «Түркия туры» көпкүндігінің үшінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Корольдік санат болып табылатын үшінші кезеңдегі қиын тапсырманы жуырда ғана Қытайдың Хуанжоуында өткен Азия ойындарының соңғы жеңімпазы, «Astana Qazaqstan team» велокомандасының көшьасшысы Алексей Луценко жақсы орындады.

«Astana Qazaqstan team» командасының капитаны 104,1 шақырым қашықтықты барлығынан бұрын жүріп өтіп, жоғары санатты Бабадаг шыңына бірінші болып жетті.

Мәреге қазақстандық 3 сағат 34 минут 17 секунд уақытта келіп жетті, одан кейін неміс спортшысы Бен Звиехоф, ал үшінші болып «Астананың» тағы бір өкілі – колумбиялық Харольд Техада келді.

— Бұл жарыс өте қиын болды. Менің мансабымдағы ең қиыны деп те айта аламын, мәре тым биікте болды. Әр метр басып өткен сайын мәре жоғарылай берді. Бұл жерде әріптесім Техада маған көп көмектесті. Енді осы жеңісімнен кейін бес жыл бұрын алған «күмісімді» қазіргі «Түркия турының» «алтынына» ауыстырғым келеді. Бірақ, бұған қол жеткізу оңай болмайды, өйткені әлі де көптеген қиын кезеңдер бар. Бірақ, жеңіске жету үшін барымды салуға бармын, —  дейді Алексей Луценко.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz