Полицияның талабына бағынбаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста соңғы 9 айдың ішінде тәртіп сақшыларына бағынбаудың 338 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Облыс аудандарының бірінің 44 жастағы тұрғыны Петропавлдағы ұлына қонаққа барып, жанжал шығарған. Ол әкімшілік материал жинау үшін келген полицейлердің соңынан еруден бас тартқан. Енді отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен басқа, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге немесе 15 тәулік әкімшілік қамаққа алуды өтеуге тура келеді.

Тәртіп сақшылары Петропавлдағы пәтерлердің біріне 41 жастағы ұлы ұйымдастырған дау-дамайдан қорыққан әйелдің қоңырауы бойынша келді. Құқық бұзушы сау болып шықты, бірақ ол да полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбады. Бір жылға жетпес уақыт бұрын ол осыған ұқсас жағдай бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған болатын. Бұл жазаның оған сабақ болмағаны анық. Құқық бұзушылықтың қайталануына байланысты оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алыну қаупі төніп тұр.

– Көбінесе мұндай фактілер пәтерлерде, ойын-сауық орындарында орын алып жатады. Жыл басынан бері облыста билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаудың 388 фактісі тіркелді, – деді Петропавл қалалық ПБ бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz