187
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.
Жіберілген гуманитарлық жүктердің тізімінде барлығы 1659 тонна көлемін құрайтын 13 атау бар.
Дәрі-дәрмек пен шатырлар Ұлттық ұланның ұшақтарымен жөнелтілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.
7 қазанда Ауғанстанда 6,2 балдық жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапты.