Жыл басынан бері облыста 459 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 23 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД-ның мәліметінше, өрт негізінен жеке тұрғын үй секторында орын алды. Тілсіз жауды алдын алу мақсатында құтқарушылар күн сайын рейдтік шаралар ұйымдастырып, оттың шығу себептері мен салдары жайлы ақпарат беретін жадынамаларды таратып жүр.
– Өткен демалыс күндері мамандарымыз 1200-ден астам үйдің иесімен тілдесті. Оларға қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бүгінгі күні өңірде тіркелген өрт оқиғалары келтірген материалдық шығын көлемі 424 млн. теңгеден асты, — дейді СҚО ТЖБ бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.