Депутат Бақытжан Базарбек: «Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған жерлерді әкімдіктер олигархтарға бөліп беріп жатыр»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР Парламенті мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек жергілікті билік Бостандық ауылындағы бұрын қайтарылған жайылымдық жерлерді қайтадан олигархтарға қайтара бастағанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Депутат премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға бұған дейін Үкімет өкілдерімен Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Бостандық ауылы тұрғындарының жайылымдық жерлері туралы сөйлескенін еске салды.

— Бірнеше жыл бұрын жергілікті халық жайылымдық жерінен айырылған Бостандық ауылы бойынша бейнебайланыс арқылы сөйлескен болатынбыз. Сіз мәселелерді шешуге уәде берген едіңіз, қазір сіз премьер-министрдің орынбасары қызметіндесіз және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерге тұрғындардың үндеуін жеткізгім келеді. Комиссиямен заңсыз берілген жерлерді қайтардық, бұл 8,5 миллион гектар. Бұл жергілікті халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін. Бірақ қазір бізге теріс сигналдар келіп жатыр. Қайтарылған жерлерді жергілікті әкімдіктер мен жемқорлар олигархтар мен ауқаттыларға беріп жатыр. Ол қандай әкімдер екені жөнінде мәлімет бар ма? Олардың аты-жөнін тап қазір айтсын, — деді Бақытжан Базарбек.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек аты-жөндерді атамағанымен, жерді бөлу кезінде заңбұзушылық болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

— Комиссия бар, қазір жерлер қайтарылды. Бірақ ол жерлерді бөлу жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Қайтарылған 2,2 млн. гектар жер қайта бөлінді және олар жайылымдық жерлерді кеңейтуге бағытталды. Бұлар негізінен шалғай аумақтар болды. Иә, қайта бөлу кезінде заңбұзушылықтар болуы мүмкін. Сондай әкімдіктер анықталды, бірақ қазір заңнаманы жетілдіру қажет, ал қазіргі механизм бойынша бізде қазіргі уақытта жергілікті әкімдерге ықпал ету мүмкіндігі жоқ, — деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек.

Оның пікірінше, бұл мәселені заңнаманы жетілдіру арқылы шешу керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz