Бүгінде «Береке» шағынауданында көпқабатты үйлермен қатар, әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп жатыр. Жақында жергілікті тұрғындарға арналған емхана қолданысқа беріледі деп күтілуде. Тағы екі нысан 2024 жылы халық игілігіне тапсырылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, биыл «Береке» шағынауданында 250 орынға шақталған емхана қолданысқа беріледі. Сондай-ақ 300 балаға шақталған коррекциялық мектеп, жанынан 50 жатын орны бар интернат пен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

– Коррекциялық мектеп-интернаттың құрылысы тамыз айында басталды. Құрылысқа жауапты мердігер – «Зерттеу СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба құны – 1 млрд. 850 млн. теңге, – дейді басқарма басшысы Қайролла Ғалеев.

1
Мектептің ғимараты 3, ал интернат 2 қабаттан тұрмақ.  Жоспар бойынша нысан келер жылдың мамыр айында қолданысқа беріледі.

whatsapp image 2023 10 11 at 16.25.00 e1697021421477whatsapp image 2023 10 11 at 16.25.03
Ал Назарбаев зияткерлік мектебімен іргелес жатқан құрылыс алаңында дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғызылуда. Оның құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айында басталған.

– Берекеліктердің сұрауы бойынша биыл спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл мақсатқа бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылды. Құрылыс жұмыстарына «Альфа-Север» ЖШС жауапты. Әлеуметтік нысанды 2024 жылы қазан айында тапсыру жоспарланған,– дейді Қайролла Ғалеев.

whatsapp image 2023 10 11 at 17.13.00whatsapp image 2023 10 11 at 17.12.59 3whatsapp image 2023 10 11 at 17.12.59 2

СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ақпаратына сүйенсек, бұл кешенде бір мезгілде 50 адам спортпен шұғылдана алады.

Жобада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратынан бөлек, жүгіру жолақтары мен шағын футбол алаңы тұрғызылмақ.

Қазіргі уақытта «Береке» шағынауданында 35 мыңға жуық адам тұрады. Тұрғындардың дені – жастар және орта буын өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz